+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Юлия Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады

2021 жылғы 19 шілде 14:42
Бөлісіңіз:
Юлия Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңарған нұсқасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис Федерациясының баспасөз қызметіне сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Мұндай шешім қабылдау оңай емес» - «Тараздың» ФК бас бапкері қызметінен кетті Қарағанды облысында ат спорты түрлерінен чемпионат өтті Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы болып қалды. Путинцева жеті позицияға көтеріліп, 35-ші орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, жақында Юлия Будапештте өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Зарина Дияс үш позицияға көтеріліп, 99-шы теннисші ретінде Үздік жүздікке қайта оралды. Жұптық разрядта Анна Данилина 120-шы орыннан 119-ға көтерілді.

Ерлердің жаңарған рейтингінде Александр Бублик үш позиция түсіп, 40-шы орынға жайғасты. Михаил Кукушкин бір жол көтеріліп, 123-ші орынға орналасты. Дмитрий Попко төмен сырғыды, енді ол 187-ші орында. Ал жұптық разрядта Андрей Голубев 35-ші, Бублик 49-шы, Александр Недовесов 84-ші орында тұр.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT