Юлия Путинцева WTA рейтингінде жеті сатыға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы кезекті рет рейтинг жаңартты деп жазады Olympic.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева жеті сатыға жоғарылап, 35-ші орынға көтерілді.

Путинцеваның дәл бұлай жоғарылауына Будапешттегі турнирде жеңіске жеткені себеп болды.

Зарина Дияс 99-шы орынды. Ерлер арасындағы АТР рейтингінде Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 40-шы орынға құлдырады. Михаил Кукушкин 123-ші орында.


Соңғы жаңалықтар