Юлия Путинцева WTA рейтингінде төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) өкілдерінің апта сайынғы рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл рейтингте көшті Румыния спортшысы Симона Халеп бастады. Екінші орында даниялық Каролин Возняцки тұрса, ал үшінші орынға неміс теннисшісі Анжелик Кербердің есімі жайғасты.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бір саты төмен түсіп, 48-ші орында тұр. Зарина Дияс 90-шы орында. Алғашқы «жүздікке» жақын Елена Рыбакина 188-ші орыннан 186-шы орынға өтті.

Жұптық сында Галина Воскобоева 85-ші орыннан 86-шы орынға сырғыды. 

Соңғы жаңалықтар