Юлия Путинцева Торонтода әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
2022 жылғы 11 тамыз 08:25

Юлия Путинцева Торонтода әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева Торонто WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті - 7:5.

Екінші сетте есеп 1:0 болған мезетте испаниялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Бір сағат 27 минутқа созылған кездесуде Путинцева 2 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 37-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос Торонто мастерс турнирінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Фото: sport.kz





Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT