Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты

None
Фото: ktf.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Торонто (Канада) WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен күш сынасты.

Бірінші партияда Ю.Путинцева 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сет барысында 2:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан бес геймді өз есебіне жазып, жеңісті жұлып алды – 7:5.

Бір сағат 37 минутқа созылған матчта Ю.Путинцева эйс жасамағанымен, 8 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, тағы бір америкалық Джессика Пегуламен таласады. Ол үшінші айналымда жарыстың өткен жылғы чемпионы, әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиді жолдан тайдырды – 3:6, 6:0, 7:5.

Юлия Путинцева жұптық сында да табысты өнер көрсетуде. Юлия америкалық Софья Кенинмен бірге доданың алтыншы ракеткалары, латвиялық Елена Остапенко – украиналық Людмила Киченокты 1:6, 6:1, 10:4 есебімен қапы қалдырып, ширек финалға өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Торонто мастерс турнирінде жеңіліп қалғанын, Юлия Путинцеваның әлемнің үшінші ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз .

Сондай-ақ Қазақстан теннис федерациясының президенті қазақстандық теннисшілердің табысы кездейсоқтық еместігі туралы сұхбат берді.

Гөзал Айнитдинова Өскемен жарысының ширек финалына шықты.


Фото: ktf.kz








Соңғы жаңалықтар