Юлия Путинцева Римде негізгі турнирге жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 66-ракеткасы, хорватиялық Ана Конюхпен күш сынасты.

Бірінші партияда А.Конюх басымдылық танытты – 6:4.

Есесіне бұдан кейін Ю.Путинцева ойын тізгінін қолына алды – 6:2, 6:2.

Екі сағатқа созылған тартысты матч барысында Юлия 3 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Ю.Путинцева негізгі турнирге жолдама алды.

Жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын Рим жарысына Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады. Сондай-ақ жұптық сында Анна Данилина өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Ыстанбұл турнирінің жеңімпазы атанғанын, Шымкент челленджер жарысында қазақстандықтардың қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Рим турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Қазақстандық жас теннисші Душанбедегі турнирдің абсолютті чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар