Юлия Путинцева Римде әлемнің жетінші ракеткасына жол берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 40-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, жуырда Мадрид турнирінің жеңімпазы атанған тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, екеуінде де О.Жабер жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда екі брейк жасаған тунистік теннисшінің мерейі үстем болды, есеп – 6:3. Содан кейін екінші сетті тағы бір брейкпен тәмамдады, есеп – 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында тунистік спортшы 2 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ю.Путинцева ондай ештеңемен ерекшеленген жоқ.

О.Жабер жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари немесе рейтингте 15-сатыда тұрған америкалық Кори Гауфтың біреуімен таласады.

Осылайша, Рим додасында Е.Рыбакина да, Ю.Путинцева да ширек финалға шыға алмады. Дегенмен алдағы дүйсенбіде жаңартылатын дүниежүзілік рейтингте Е.Рыбакина 16-ыншы, Ю.Путинцева 37-орынға көтеріледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Римде әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтқанын, қазақстандық теннисшінің Шымкент турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Рим турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар