Юлия Путинцева Майами турнирінің бірінші матчында жеңіліп қалды

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майамидегі (АҚШ) жекелей разряд турнирінде бірінші айналым матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші (әлемдік рейтингіде 43-орында тұр) кортта канадалық Ребекка Мариномен (әлемдік рейтингіде 83-орында) ойнап, екі сетте 6:7 және 2:6 есебімен жеңіліс тапты. Матч 1 сағат 21 минутқа созылды.

Кездесу барысында Ю.Путинцева бастап лақтырған бірде-бір доп ойын алаңынан тыс түспеді және ол екі рет қателікке жол берді.


Соңғы жаңалықтар