Юлия Путинцева екінші рет WTA турнирінде жеңімпаз болды

None
None
БУДАПЕШТ. ҚазАқпарат – Мажарстан астанасында өткен турнирдің финалында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 6:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

1 сағат 10 минутқа созылған матчта 26 жастағы Юлия Путинцева бір эйс жасап, доп бергенде үш рет қателесті және бес брейк-пойнтты сәтті орындады, ал 24 жастағы Ангелина Калинина бір рет допты қате берді, бір рет қос қателік жасады және бір брейк жасады. Кездесу есебі 2:0-мен Юлияның пайдасына шешілді.

Жеңісі үшін Ю.Путинцева 280 рейтинг ұпайын алып, 29 мың доллардан астам сыйлықты иеленеді.
«Екі күн демалып, ары қарай Токиоға аттанамын. Олимпиадада алаң жабыны басқаша, бәсеке оңайға соқпасы анық. Алайда мен барлық жағдайға дайынмын. Елімізге Олимпиада медалін әкелуге тиіспін», - деді Юлия Путинцева.
Еске сала кетсек, 2019 жылы Германияның Нюрнберг қаласында теннисші алғашқы рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды. Ал алдағы 24 шілдеде ол Токиода Олимпиадаға қатысып жеке санатта шеберлік сынайды.


Соңғы жаңалықтар