АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева Әбу-Даби WTA 500 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 152-орында тұрған өзбекстандық Нигина Абдураимовамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында ол 3 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Н.Абдураимова 2 эйс, 3 брейкпен шектелді.
Осылайша, Ю.Путинцева 6-12 ақпан аралығында өтетін негізгі жарысқа өтті. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.
Бұл додада Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина да өнер көрсетеді. Рейтингісі жоғары болғандықтан, ол жарысты екінші айналымнан бастайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Әбу-Даби турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дэвис кубогінде Қазақстанмен матчта Чили құрамасы алға шықты.
Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды.
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды.
Фото: ktf.kz