Юлия Путинцева Әбу-Дабиде АҚШ чемпионын ұтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева Әбу-Даби WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған Ю.Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 37-ракеткасы, 2019 жылғы US Open турнирінің чемпионы, канадалық Бьянка Андреескумен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қарсыластар үш-үштен брейк алмасты. Тай-брейкте қазақстандық теннисші айқын басымдылық танытты – 7:6 (7:2).

Екінші сетті Юлия брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін тағы бір брейк жасап, есепті 4:0-ге жеткізді. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.

Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ю.Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакинаның да қарсыласы анықталды. Жарысты екінші айналымнан бастайтын Е.Рыбакина рейтингте 20-орындағы чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі.

Еске сала кетейік, Юлия Путинцеваның Әбу-Дабиде негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық 14 жасар теннисші Барселонадағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар