Юлия Путинцева Әбу-Даби турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Әбу-Даби WTA 500 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу сайыстарының 3-ракеткасы болып тіркелген Ю. Путинцева бастапқы кездесуін әлемдік рейтингіде 186-орында тұрған ресейлік Анастасия Захаровамен өткізді.

Қазақстандық теннисші 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Ю. Путинцева іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 152-сатыдағы өзбекстандық Нигина Абдураимовамен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Әбу-Даби додасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсетеді. 6-12 ақпан аралығында өтетін жарысты ол екінші айналымнан бастап, чехиялық Каролина Плишкова немесе испаниялық Гарбинье Мугурусаның біреуімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогінде Тимофей Скатовтың Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Қазақстан - Чили матчында таразы басы теңесті.

15 жасар қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды.


Соңғы жаңалықтар