Юлия Галышева фристайлдан Әлем кубогында күміс жүлде алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайлдың могул дисциплинасы бойынша Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2017-2018 жылдар аралығында Әлем кубогының бір кезеңі Қытайдың Тайву қаласында өтті.

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының сайыстары дәл осы трассада өтетінін атап өту қажет.

Қазақстандық Юлия Галышева әр кезеңде нәтижесін жақсарта түсті.

Бірінші іріктеуде ол 71,53 ұпай алған. Финалда 76,71 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.
null

Ақтық финалда 77,79 ұпаймен барынша жақсы нәтиже көрсетті.

Бұл нәтиже спортшыға күміс жүлдеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Бұл кезеңде американдық Джоэлин Кауф 77,90 ұпаймен көшбасшы атанды. Ал үшінші орынға 77,64 ұпаймен канадалық Энди Науд табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар