Юлия Галышева екінші финалдық кезеңге өтті

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева финалдық кезеңнің бірінші бөлігінде өз тобында сәтті өнер көрсетіп, финалдық екінші кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің жанкүйерлері үлкен үміт күткен Юлия қыз іріктеу кезеңінде 76.36 ұпай жинап (7 орын), финалға жолдама алған болатын. 

Ол алғашқы финалдық кезеңде 75.10 ұпай жинап, тағы да 7-ші орынға табан тіреді.

Екінші финалдық кезеңде үздік 12 фристайлшы бақ сынайды.

Айта кетейік, Юлияға Пхёнчханда қазақстандық жанкүйерлер қолдау білдіруде.

Соңғы жаңалықтар