Юлия Галышева әлем кубогының іріктеу кезеңінде көш бастап келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фристайл-могулдан Лейк-Плэсидте өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева топ басында келеді, деп жазады Olympic.kz.

Галышева 75.24 ұпаймен бірінші орында. Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лафон екінші (75.22), австралиялық Джакара Энтони (74.21) үшінші сатыда.

Өкінішке қарай, Аяулым Әміренова іріктеуден өткен жоқ.

Ерлер арасында Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігін иеленді.

Еске сала кетсек, финалдық бәсеке 18 қаңтар күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар