Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ыстықтан қалай қорғануға болады – дәрігерлердің кеңесі

2022 жылғы 25 маусым 14:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде күн ыстық болады. Осы орайда елордадағы емханалардың дәрігерлері ыстық күндері денсаулыққа күтіммен қараудың жолдарын айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қаладағы дәрігерлердің айтқан пікірлерін көпшілік назарына ұсынды.

«Ыстық өтіп кеткенде дене температурасын реттеуге жауап беретін компенсаторлық функциялар бұзылады. Ыстық күндері майлы, тұзды тағамдарды жемеу керек», - деді №1 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Алина Боргекова.

Маманның айтуынша, күн өткен кезде тыныс алу қиындап, дене қызуы көтеріледі және бас аурады, сондай-ақ кейбір жағдайда адамдар естен тануы мүмкін.

Ыстық күндері жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар өз денсаулығына күтіммен қарауы керек.

«Мұндай кезде тромбоз болуы ықтимал және қан қысымы құбылып тұрады. Қатты ыстық стенокардия дертін қоздыруы мүмкін. Сондықтан жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдар жылдың осы уақытында денсаулығына күтіммен қарауы керек», - дейді № 4 қалалық емхананың кардиологы Жанат Сұңқарбекова.

Дәрігерлер негізгі терапия талаптарын ескеруді және қажет дәрі-дәрмекті өздерімен бірге алып жүруге кеңес берді.

«Күн қатты ыстық уақытта далада көп отырмау керек. Суды көбірек ішкен дұрыс болады. Бірақ кофеин мен қанты бар сусындарды алмаған абзал», - дейді Ж. Сұңқарбекова.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар