Ыстықкөлдегі өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ыстықкөл маңындағы Ананьево елді мекенінде орналасқан «Лагуна Сити» пансионатында тұтанған өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылды.

Бұл туралы Кабар агенттігі Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге қарағанда, өрт сөндіру кезінде абайсызда газ баллоны жарылып, үш адам зардап шеккен.

«Күйік шалған үш адам ауруханаға жеткізілді», - дейді тәртіп сақшылары.

Соңғы жаңалықтар