Ыстықкөлдегі фестиваль кезінде бүркіт қызға шабуыл жасады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ыстықкөл облысындағы Тон ауылында өтіп жатқан «Тескей Жээк» фестивалі кезінде 10 жасар қызға бүркіт шабуыл жасады, деп хабарлайды «Кабар» агенттігі.

Мәлім болғандай, ол 15 шілде күні Аумақтық ауруханаға түскен.

 «Кезекші дәрігерлер қыздың бүркіттің тырнағы жаралаған басы мен кеудесіне  хирургиялық өңдеу жасады. Жағдайы тәуір»,- деп хабарлады ауруханадан.

Ыстықкөл облыстық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға  дәстүрлі  «Салбуурун» аң аулау шарасы кезінде болған. Жалғыз аяқ жолды  қыз кесіп өткен шақта  бүркіт шүйліккен.  

Еске сала кетсек, фестиваль бағдарламасына  көшпенділердің ат спорты түрлері, теңге ілу және қыз қуу, «Салбуурун», садақшылар сайысы және «»Көк-Бору» қомандаларының бәсекесі енген. Сондай-ақ, қолөнершілердің көрмесі  мен киізден бұйым дайындау, кәдесыйлар жасаудан шеберлік сыныптары өткізілді.

Соңғы жаңалықтар