Ыстықкөлде туристер мінген теплоходтан өрт шықты

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Өрт Ыстықкөл облысы Комсомол ауданында жағалаудан 1 км қашықтықта жүрген «Альбатрос» атты туристерге арналған теплоходтан шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, теплоход экипажы өрт сөндірушілер келгенше өртті өздері сөндіріп үлгерген. Балаларды қоса алғанда 20 жолаушыны эвакуациялау үшін жақын маңдағы пансионаттардың скутерлері пайдаланылды. Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, өртті шығу себебеі анықталу үстінде.


Соңғы жаңалықтар