Ыстықкөлде ТМД және ЕАЭО елдері жастарының форумы өтеді

None
None
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 25-26 тамызда Қырғызстан Республикасы Ыстықкөл облысының Шолпан-Ата қаласы «Рух Ордо» мәдени орталығында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына орайластырылған ТМД және ЕАЭО елдері жастарының «Келечек» (Келешек) атты форум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шараға 200-ден астам жас кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, креативті жастар қоғамдастығының өкілдері, жас дипломаттар қатысады.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінен студенттер келеді деп күтілуде.

Форумның мақсаты - мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамыту және еуразиялық интеграция идеясын танымал ету. Шара жастардың өзара іс-қимылын кеңейтуге, бастамаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және жас ұрпақтың қоғамдық және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі танытуға бағытталған.

Форумнан күтілетін тағы бір жайт жастардың ЕАЭО елдері Үкіметтері басшыларының орынбасарларымен, ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен және атқарушы комитеттің төрағасы, ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен кездесуі жоспарланған.

Жастар форумының спикерлері арасында – Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов, ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев, Ресей-Қырғыз даму қорының басқарма төрағасы Артем Новиков, Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Артур Мартиросян, Беларусь Республикасы Білім министрінің орынбасары Александр Кадлубай, ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Наталья Бочарова, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач, «Опора России» жалпыресейлік шағын және орта кәсіпкерлік қоғамдық ұйымының вице-президенті Эдуард Омаров, Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов, Еуразия халықтары Ассамблеясының Бас хатшысы Андрей Бельянинов бар.

Одан бөлек, университет ректорлары мен ЕАЭО елдерінің қоғамдық, іскерлік және жастар ұйымдарының басшылары спикер ретінде қатыспақ.

Жастар форумы бағдарламасында тренингтер, жас кәсіпкерлерге шеберлік сабақтары және келесі сессияларды өткізу қарастырылған:

SNG және EАЭО жастары. Жас кадрлар резервін қалыптастыру перспективалары;

ТМД, EAЭО, SNG және Иран: Еуразиямен ынтымақтастықты дамыту парадигмасы;

ТМД-дағы халықаралық жастар ынтымақтастығы: жастарға арналған перспективалар;

ТМД және ЕАЭО елдері жастары кәсіпкерлігі үшін экономикалық интеграцияның мүмкіндіктері;

ТМД мен ЕАЭО-да жастар кәсіпкерлігін дамытудағы венчурлық инвесторлардың, бизнес-акселераторлар мен бизнес-періштелердің рөлі;

Жастар мен инновациялар: дағдылар, кәсіптер, ТМД мен ЕАЭО-ның технологиялық серпілісіне арналған инфрақұрылым;

ТМД мен ЕАЭО креативті индустриялары-экономиканы дамыту драйверлері, жастардың өсу нүктелері;

Еуразиялық жастарды біріктіретін идеялар;

Интеграцияның әлеуметтік-гуманитарлық өлшемі: ТМД-ның жалпы ғылыми білім беру кеңістігінің болашағы.

Жастар форумының жұмысы туралы хабар тарататын ақпараттық серіктестер:

- «Кабар» (КНИА) қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі;

- SPUTNIK Қырғызстан ақпарат агенттігі және радиосы;

- қоғамдық телерадиохабар тарату корпорациясы (КТРК);

- Биринчи радиосы;

- 24.kg;

- «МИР» МТРК;

- «Армен-пресс» ақпараттық агенттігі;

- БелТА ақпараттық агенттігі;

- «Хабар 24» телеарнасы;

- «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.


Соңғы жаңалықтар