Ыстықкөлде ірі жол апатынан 8 адам қаза тапты, арасында балалар да бар

None
Фото: kabar.kg
БІШКЕК.ҚазАқпарат – Ыстықкөл облысында ірі апаттан 8 адам қаза тапты, олардың арасында балалар да бар. Ақпаратты Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні Ыстықкөл облысының Тоң ауданындағы Бішкек-Балықшы тас жолында болды. BMW және Audi маркалы екі көлік соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шегіп, 8 адам қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар