Ыстықкөлде бір топ спортшыны су толқын басып, бір адам із-түссіз жоғалып кетті

None
None
БІШКЕК. Кабар -ҚазАқпарат – Ыстықкөлде бір топ жүзушілерді толқын басып қалды, бір адам із-түссіз жоғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, 6 тамыз күні сағат 13:00 шамасында 15 суда жүзуші Тоң ауданындағы Қара-Шаар ауылынан Ыстықкөл ауданы Тору-Айғыр ауылына қарай жүзуге шыққан.
«Жүзу кезінде спортшыларды үлкен толқын басып, салдарынан олардың біреуі судан шықпады», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде спортшыны іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ол туралы мәлімет анықталып жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.


Фото: kabar.kg




Соңғы жаңалықтар