Ыстыбаев Қазақ күресінен Азия чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан Әділжан Ыстыбаев моңғолиялық балуанды жеңіп, Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда Моңғолия балуаны Тенгиз Батсайхан барын салып баққан. Алайда отандасымыздан айласын асыра алмады. Азия чемпионатында негізгі бәсеке қазақ пен моңғол балуандары арасында өрбіп жатқанын айта кету керек.

Аталмыш салмақта үшінші орынды өзбекстандық Сариар Икрамов пен түрікменстандық Дурду Ножагулиев иеленіп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақ күресінен екі салмақта Моңғолия балуандары чемпион атанғанын жазған болатынбыз.

Еске сала кетсек, Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. 

Соңғы жаңалықтар