Ыстанбұлдан Алматыға бет алған жүк таситын ұшақ құстармен соқтығысып қалды

None
None
ЫСТАНБҰЛ—НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Ыстанбұлдан Алматыға бағыт алған Turkish Airlines (THY) әуе компаниясының жүк таситын ұшағы апатты жағдайда қайта қонды. Жүк таситын ұшақ Ататүрік әуежайынан ұшқан кезде құстармен соқтығысып қалған. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жүк таситын ұшақ Ататүрік әуежайынан жергілікті уақыт бойынша (0540GMT) таңғы сағат 08:40-та ұшқан. Turkish Airlines баспасөз қызметі әуеге көтерілген B777-F ұшағы құстармен соқтығысып қалған. Құстар жүк таситын ұшақтың планерін зақымдаған.

Аталған ұшақ шұғыл түрде жерге қону үшін салмағын азайту керек болған, сол себепті жанармайды Мәрмәр теңізінің үстіне төгіп жіберіп, одан кейін Ататүрік әуежайына қайта қонған.


Соңғы жаңалықтар