+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды

2020 жылғы 6 ақпан 09:03
Бөлісіңіз:
Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды

ЫСТАНБҰЛ. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агентігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Pegasus Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Измир-Ыстанбұл бағытында ұшқан. Қонғаннан кейін лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті дереу сөндіріп үлгерді. Жолаушылар эвакуацияланды.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен.

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Жахит Турханның айтуынша, ұшақ бортында 177 жолаушы (екі боланы қосқанда) және алты экипаж мүшесі болған.

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, зардап шеккен 179 адамға медициналық көмек көрсетілді, оқиға кезінде үш адам қайтыс болды.

Қазір ұшақ апатын тергеу басталды.

Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT