USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Ыстанбұлдағы құйынды дауыл: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

2021 жылғы 29 қараша 23:39
Бөлісіңіз:
Ыстанбұлдағы құйынды дауыл: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ыстанбұлда құйынды дауылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Африкадан Голландияға ұшақ шассиіне отырып жеткен ер адам аман қалды Аязға байланысты елордадағы бастауыш сыныптарда сабақ болмайды 6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

«Алынған ақпарат бойынша дауылды желдің беті қайтуда. Біздің азаматтар бойынша мәлімет түскен жоқ», - деді сыртқысаясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Түркия Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйенсек, табиғаттың тосын мінезінен 4 адам қаза болды, 19 адам зардап шекті. Ажал құшқандар арасында шетелдік 1 азамат болған.

Еске салсақ, күшті дауыл салдарынан Малтепеде және Пендикте кемелер аялдайтын айлақтар, бірнеше қайық зақымдалды, ағаштар құлады, ғимараттардың шатырлары көкке ұшты, трассаларда жүк көліктері аударылды. Бейликдюзю ауданында желдің жылдамдығы сағатына 129 шақырымды құрады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT