Ыстанбұлда жоғары жылдамдықты метро желісі іске қосылды

None
ЫСТАМБҰЛ. ҚазАқпарат - Кягытхане-Ыстанбұл әуежайындағы метро желісі жобасымен Түркия бүкіл әлемге метро құрылысы саласындағы өзінің күші мен мүмкіндіктерін дәлелдеді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 34 шақырымдық метро желісінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия президенті сегіз станцияны қамтитын жаңа метро желісінің Қягытхане ауданынан Ыстанбұл әуежайына дейінгі қашықтықты 24 минутта өтетінін атап өтті.

«Тәулігіне 800 мың жолаушыны тасымалдайтын жаңа метро желісінің ашылуы Ыстамбұл үшін тарихи оқиға», - деді Ердоған.

Түркия басшысы құрылыс барысында отандық материалдарды пайдаланған түрік инженерлерінің еңбегін ерекше атап өтті.

Ел президенті сондай-ақ, Ыстанбұл әуежайынан Халкалы аймағына дейінгі метро желілерінің, сондай-ақ мегаполисте бірнеше басқа метро желілерінің құрылысы жалғасып жатқанын еске салды.

«Осы жобалардың барлығын жүзеге асыру аяқталғанда Ыстанбұл теміржол жүйелерінің жалпы ұзындығы 380 шақырымнан асады», - деді Ердоған.

Ыстанбұл теміржол құрылысы жобаларын жүзеге асыру бойынша әлем қалалары ішінде бірінші орында. Қягытхане-Ыстамбұл әуежайы метро желісінде саяхат бір ай бойы тегін.


Фото: twitter.com/metroistanbul


Соңғы жаңалықтар