Ыстанбұлда Түркі киносының апталығы өтеді

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Түркияда екінші қазанда Түркі киносының апталығы басталады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркі киносының апталығы Түркі әлемі кинематографшылар одағы мен Еуразия мәдениет және өнер қауымдастығының ұйымдастыруымен және Түркияның мәдениет және туризм министрлігі Кинематография мәселелері басқармасы, сондай-ақ Ыстанбұл муниципалитетінің қолдауымен өтеді.

Іс-шара аясында 10 елдің он фильмі көрсетіледі.

Іс-шараның мақсаты - кино саласындағы жаңа таланттарды ашу, осы саладағы кәсібилер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Түркі киносының апталығы шеңберінде Kervan 1915 («Керуен 1915») түрік фильмі, сондай-ақ  алай қырғыздары  билеушісінің өмірі мен қызметі туралы «Құрманжан Датқа» қырғыз фильмі көрсетіледі.

Бұдан бөлек, түркі киносының әуесқойлары «Анаға апарар жол» Қазақстан драмасын, Büyük Ayı Eterah фильмін (Башқұртстан), Molla (Татарстан), İslam Hoca (Өзбекстан), Mankurt (Түркіменстан), İntikam Almadan Ölme (Әзербайжан), Avcı (Хакасия), Kral Kuşu (Якутия) фильмдерін көре алады.

Түркі киносының апталығы қазан айының алтысына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар