Ыстанбұлда Түркі кеңесінің саммиті өтеді

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – 12 қарашада Ыстанбұлда Түркі кеңесі мемлекеттері басшыларының VIII саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар» тақырыбына арналған саммитке Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан президенттері, сондай-ақ Мажарстан Премьер-Министрі мен Түркі кеңесінің бас хатшысы қатысады деп жоспарлануда.

Мемлекет басшылары ұйымның орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылайды.
Бүгін, өз кезегінде, қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Саммит аясында қол қойылатын түпкілікті күн тәртібі мен құжаттарды дайындайды.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына келді.



Соңғы жаңалықтар