Ыстанбұлда Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық стратегиясы талқыланды

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Ыстанбұл қаласындағы Мимар Синан атындағы Бейнелеу өнері университетінде «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық стратегиясы» тақырыбымен панельді отырыс өтті, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Университеттің тарих факультетінің деканы, профессорАбдулвахап Қара Нұрсұлтан Назарбаев елдің даму деңгейін көтеру, саяси мақсаттарды айқындау және қуатты экономиканы қалыптастыру мақсатында 1997 жылдан бері Қазақстан халқына 23 рет Жолдау арнағанын еске салды.

Оның айтуынша, Елбасының Жолдауларында Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін бағдар болып табылатын кең ауқымды экономикалық жоспарлар туралы айтылған.

Бұдан кейін панельді отырыс қатысушылары ҚР Президентінің түркі әлеміндегі рөлі, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі оның экономикалық стратегиясы туралы баяндады. 

Соңғы жаңалықтар