USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ыстанбұлда мешіттің төбесі құлап, үш адам қаза тапты

2017 жылғы 11 қаңтар 08:23
Бөлісіңіз:
Ыстанбұлда мешіттің төбесі құлап, үш адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Толассыз жауған қардан Ыстанбұл мешітінің төбесі құлады. Оқиғадан көз жұмғандар саны үш адамға жетті және тағы он адам жарақат алды, деп хабарлады Hurriyet газеті.

Бұған дейін жаназа рәсімінде болған төтенше жағдайдан бір адамның мерт болғаны хабарланған еді. Оқиға Атакей ауданында болған. Онда жедел жәрдем көліктері мен құтқарушылар келді.

Ыстанбұлда сенбіден дүйсенбіге дейін тоқтамай жауған қар айтарлықтай қиындық тудырды. Кей аудандарда қардың деңгейі 130 см-ге дейін жетті. Үш күн ішінде қала әуежайларында 1,5 мың әуе рейсі тоқтатылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT