Ыстанбұлда Қырғызстан азаматшасы 60 мың долларымен бірге жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрғиза Құлманбетова 11 маусым күні Торонто-Ыстанбұл-Бішкек бағытымен ұшқан, алайда ол Ыстанбұлда із-түзсіз жоғалды. Бұл жөнінде өзінің Facebook парақшасында жоғалған қыздың әпкесі Гюзал Кұлмамбетова жазды, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Оның деректері бойынша, Нұрғиза Ыстанбұлға келіп, 4 сағаттан кейін ұшаққа отыруы тиіс болған. Бірақ  Бішкек рейсімен ұшпаған.

«Оны 12 маусым күні шамамен сағат 20:20-да гейттің жанындағы күту аймағында көрген. Одан кейін сағат 22.06-да шекарадан өткен сияқты болған (Ыстанбұлға шыққан). Сондай-ақ, 11 маусым күні Анкарада картасынан ақша алынған. Біз оның карточкасын ұрлап алды деп ойлап отырмыз. Оны көргендер болса, төмендегі нөмірлерге хабарласуларын өтінемін: Қырғызстан үшін: 996 555 896 888,  Түркия үшін: +905533448759»,- деп жазған жоғалған қыздың әпкесі.

Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, 13 маусым күні қыздың туыстары СІМ-нің консулдығына Н.Құлманбетова есімді азаматша байланысқа шықпайтынын айтып, Түркиядан іздестіру жұмыстарына атсалысуға өтініш білдірген. Сол күні басшылық Түркиядағы Бас консулдыққа жедел бұйрық берді. Бұл мәселе төңірегінде іздестіру жұмыстары атқарылып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар