Ыстанбұлда құлаған үйдің астынан 17 адамның денесі шығарылды

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Ыстанбұлда құлаған көпқабатты үйдің астында қалып қойған марқұмдардың саны 17-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа айтты. Бұған дейін үйінді астынан 14 адамның денесі табылғаны жөнінде хабарланған еді.

Еске сала кетейік, 6 ақпан күні Ыстанбұлда 8 қабатты үй опырылып құлаған болатын.

«Үйдің төменгі қабатында 20-25 адам жұмыс істейтін шеберхана болған. Жарылыс болған жоқ, үй өзінен-өзі құлай бастады»,-дейді аудан тұрғыны.

Картал ауданында орналасқан 12 пәтерлік үйдің неден құлағаны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар