Ыстанбұлда ИӘҰ Жастар форумының IV Бас ассамблеясы өтуде

None
None

ЫСТАНБҰЛ. АНАДОЛУ-ҚазАқпарат – Түркияның Ыстанбұл қаласында екі күндік Ислам Әріптестік Ұйымы Жастар форумының IV Бас ассамблеясы өз жұмысын бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шара барысында ИӘҰ Жастар форумының басшысы Таха Айхан ұйым мүшелеріне форумның жұмысы мен стратегиясы туралы баяндама ұсынды.

Бас ассамблеяға ИӘҰ-ға мүше 56 елдің өкілдері қатысып жатыр. Талқыланатын тақырыптар арасында Ислам Әріптестік Ұйымының жастар стратегиясы, жастарды дамыту, елдер экономикасын нығайту, сонымен қатар мәдениет, өнер, спорт, қоршаған орта мәселелері бар. Бас ассамблея өз жұмысын бейсенбі, 26 тамызда аяқтайды.


Соңғы жаңалықтар