Ыстанбұл мэрі Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ыстанбұл қаласының мэрі Экрем Имамоғлы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Түркиядағы Қазақстан елшілігі Facebook-тегі парақшасында.

«Қадірлі дос әрі бауыр Қазақстан халқы! 1991 жылы 16 желтоқсанда бауырлас қазақ елінің көк байрағы көк аспанда еркін желбірей бастады. Яссауидің мұрасы сенімді қолға өткен болатын.

Осы орайда, Тәуелсіздігінің 29-жылында Қазақстан халқына жүрекжарды сәлемімді жолдап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және бауырлас Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен терең сый-құрмет толы сезіміммен құттықтаймын!

Қазақ елінің көк туы Тәуелсіз Қазақстан аспанында мәңгі-бақи желбірей берсін!» - делінген Ыстанбұл қаласы мэрінің құттықтауында.


Соңғы жаңалықтар