Ыстанбұл халқының саны бойынша 129 елді басып озды

None
None
АСТАНА. ҚАзАқпарат - Түркияның халық тығыз қоныстанған провинциясы - Ыстанбұл (15,29 миллион адам) халық саны бойынша 129 елді артқа қалдырды.

«Анадолы» агенттігі Түркия статистика институты мен БҰҰ Халық саны қорына сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Ыстанбұлда Түркия халқының (80,81 миллион адам) 18,6 проценті тұрып жатыр.

Ыстанбұлдың тұрғындар саны бес жылдың ішінде 868764 адамға немесе 6,1 процентке өскен.

Осылайша, Ыстанбұл халық саны бойынша 129 елді, соның ішінде Бельгияны (11,4 миллион адам), Грекияны (11,2 миллион адам), Португалияны (10,3 миллион), Швецияны (9,9 миллион) және Әзербайжанды (9,8 миллион) артта қалдырды. 

Соңғы жаңалықтар