Ыстанбұл әуежайында көз жұмған қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұл әуежайында көз жұмған Қазақстан азаматының денесі жуық арада елге жеткізіледі. Бұл жайлы ҚР СІМ ғимаратында өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, Ыстанбұлдағы «Ататүрік» әуежайында ер адам екінші қабаттан секіріп, қаза тапқан еді.

«Туыстарына хабар берілді. Бүгін оның жұбайы Ыстанбұл қаласына ұшып келді. Қазіргі таңда оның денесі Ыстанбұл қаласының бір ауруханасында жатыр. Бүгін бүкіл құжат дайындалып, жақын арада денесі Қазақстанға жеткізіледі. Қалай құлады, неге құлады - ол туралы түрік полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесі болған жағдайда сіздерге хабарын береміз», - деді Айбек Смадияров.

Қайтыс болған кісінің кім екенін ҚР СІМ ресми өкілі әзірге айта алмайтынын жеткізді.

«Әрбір тұлғаның жеке ақпараты болғандықтан, оны қазір айта алмаймыз. Кейін туыстарының өздері айтпаса... Жалпы, не үшін барғаны белгісіз. 26 қыркүйек күні Ыстанбұл қаласының әуежайына ұшып келген. Ресми түрде шекарадан өткеннен кейін сол әуежай ғимаратында 27 қыркүйек түскі 15:30-ға дейін жүрген. Сосын екінші қабаттан құлап, қайтыс болған», - дейді ол.

Айбек Смадияров атап өткендей, Қазақстанның Түркиядағы консулы қайтыс болған кісінің туыстарына барынша көмектесіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар