Ыстамбұлда ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Елшісі Жансейіт Түймебаев, Түркиядан тәуелсіз байқаушылар: «Еуразия» зерттеу институтының директоры Бекир Гүнай,  профессор Невзат Ялчынташ, Түркі әлемі муниципалитеттер одағының төрағасы - Стамбұл қаласы Ейуп ауданының мэрі Исмаил Кавунжу, Стамбұл университетінің проректоры Хаяти Тюфекчиоглу және Түркия БАҚ өкілдері қатысты.

Ж.Түймебаев 15 қаңтарда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісіне жалпыға бірдей сайлаудың өткені туралы ақпарат берді. Ол: «Елдің билік органдары еркін және демократиялық сайлауды өткізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасады, олардың барысында азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыра алды», - дей келе, халықтың жоғары белсенділігін атап өтті.

Қазақстан Елшісі ҚР ОСК жариялаған ресми мәліметтер бойынша «Нұр Отан» ХДП үшін сайлаушылардың 80,99 пайызы, «Ақ жол» партиясы үшін - 7,47 пайызы, Коммунистік халық партиясы үшін - 7,19 пайызы дауыс бергенін мәлімдеді. Аталған партиялар 7 пайыздық межені еңсерді және бұл партиялардың депутаттары Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде өкілдік етеді.

Баспасөз конференциясында сөз сөйлеген, Қазақстандағы сайлауды байқауға қатысқан қоғамдық-саяси қайраткерлер мен тәуелсіз байқаушылар науқанның ұйымдастырылуының жоғары деңгейін және халықтың жоғары белсенділігін атап өтті. Олар сондай-ақ қоғамның демократиялануының жарқын көрінісі болып табылатын Қазақстандағы оппозициялық партиялар қызметінің белсенділігін де айтып өтті. 

 Атап айтқанда, профессор Н.Ялчынташ елдегі демократиялық қайта құрулардың негізгі көрсеткіші болып табылатын, ҚР-да табыспен жүргізіліп жатқан саяси реформаларға назар аударды. Ол сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсуі халқының саяси және демократиялық дамуы деңгейіне оң ықпалын тигізіп отырған Қазақстанның аймақтың жарқыраған жұлдызы болып табылатынын атап өтті. «Елдің саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларында орасан зор реформаларды іске асыруға басшылық жасап отырған Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың рөлін ерекше атап өткім келеді»- деп қорытындылады өз сөзін профессор Н.Ялчынташ.

Баспасөз конференциясында сөз алған Түркі әлемі муниципалитеттерінің төрағасы  И. Кавунжу, Қазақстанда өткен Парламент сайлауын жоғары бағалап, елдің саяси жүйесін жаңарту демократиялық дамудың жаңа қазақстандық жолын айқындайтынын атап өтті.

Жалпыұлттық «Милли газете» редакторы Хусейн Алтыналан, Қазақстандағы саяси өзгерістерді айқындайтын мақсат - біріккен демократияға қарай, биліктің қоғам мен мемлекетті басқарудың мейлінше тиімді жүйесін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы үлгісіне қарай қозғалыс болып табылатынын атап өтті. Тұтасымен алғанда ол Қазақстан басшылығы жасаған саяси реформалар стратегиясы тиімді әрі дұрыс болып табылатынын, өйткені ол елдің жеделдетілген дамуының ұзақмерзімді басымдықтарына, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылықты сақтау міндеттеріне де жауап береді деп санайды.

Баспасөз конференциясында сөз алған Түркі кеңесі бас хатшысының арнайы өкілі М.Токман халықаралық байқаушылардың өркениетті саяси күрес ахуалында өткен, сайлау жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетін барлық талаптары сақталған, ҚР-дағы ашық, демократиялық және әділетті парламент сайлауының куәсі болғандарын ерекше атап өтті. Бұдан басқа, ол дауыс берген сайлаушылар санының көптігін және олардың сайлаудағы белсенді азаматтық ұстанымын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар