Ыстамбұлда ҚР Бас Консулдығы Түркиядағы қандастарымыздың балаларына жәрдем көрсетті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Ыстабұлда Қазақстан Республикасының Бас Консулдығы Қазақ-Түрік қоғамы негізінде құрылған, балаларға арналған «Балбөбек» мәдени және тіл үйрету орталығы үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы 14 желтоқсанда ашылған «Балбөбек» мәдени орталығының басты мақсаты, Түркия елінде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың балаларына ана тілін үйретіп, дәстүрі мен мәдениетін баулу болып табылады. Қазіргі таңда осы орталықта 25-ке жуық бала тәлім алып отыр.

Осы орайда ҚР Ыстамбұл Бас Консулдығының тарапынан, Орталықтағы бүлдіршіндерге оқыту-әдістемелік кітаптармен қатар, балалар алаңдарын толық жабдықтауға арналған әткеншектер мен ойыншықтар сыйға тартылды.

Түркиядағы қазақ диаспорасы өкілдері өз кезегінде, ұйымдастырылған аталмыш қайырымдылық акциясы үшін алғыстарын айта отырып, - «Болашақ бүгіннен басталады дегендей, осы жердегі қандастарымыздың балалары өзге елде жүрсе де, өз ана тілін тұнық меңгеріп және қазақ салт-дәстүрін үйреніп, келешекте ұрпақтан ұрпаққа жеткізетініне кәміл сенеміз»,- деген сөздерін келтірді.

Соңғы жаңалықтар