Ыстамбұлда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 31 Мамыр. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Ыстамбұл қаласында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және қазақ-түрік қатынастарының 20 жылдығына арналған фотокөрме ашылды.

Фотокөрме келушілерді Қазақстанның үлкен қалаларының көрікті жерлері, мәдени және тарихи ескерткіштері, қайталанбайтын және бірегей табиғатының әсем көріністері мен жануарлар дүниесі бейнеленген фотосуреттер жиынтығымен таныстырады.

Іс-шараға түрік зиялы қауымының, шығармашылық одақтарының, академиялық, қоғамдық-саяси топтарының, Ыстамбұл қаласы дипломатиялық корпусының және т.б. өкілдері қатысты.

Фотокөрменің ашылуында сөз сөйлеген Елші Жансейт Түймебаев Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси, экономикалық және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне тоқталды және көрменің бауырлас екі ел өнер адамдарының шығармашылық қатынастарын жандандырудағы және бір-бірімен жақындастырудағы рухани дәнекерлік рөлінің маңызы зор болатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар