Ыстамбұлда Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 11-Саммиті өтеді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Түркияның Ыстамбұл қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҚ) мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының 11-Саммиті өтеді

Түркияның СІМ-нің мәлімдемесі бойынша, Саммит алдында 20-21 желтоқсан аралығында Бас лауазымды тұлғалар Комитетінің мәжілісі, ал 22 желтоқсан күні ЭЫҰ-ның Сыртқы істер министрлерінің 19-шы кеңесі өтеді.

Сонымен қатар, Түркия Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының төрағалығын қабылдайды деген мәлімдеме жасалды.

Жоғары деңгейдегі кездесуге ЭЫҰ мүше елдер Мемлекет/ Үкімет басшылары және ЭЫҰ хатшылығының өкілдері мен бірқатар халықаралық ұйымдары да шақырылыған болатын.

1985 жылы Түркия, Иран, Пәкістан тарапынан құрылған ЭЫҰ үкіметаралық өңірлік бірлестіктің құрамына 1992 жылы Қазақстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан кіріп, бұл ұйым кең географиялық аймақтағы экономикалық ынтымақтастық платформасына айналды.

Ыстамбұл ЭЫҰ Саммитінде күн тәртібіне қойылған келісімдер және аймақтық ынтымақтастық жобалар талқыланатын болады деп күтілуде.

Аталған Саммит соңында «Ыстамбұл Декларациясының» қабылдануы жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар