Ыстамбұл әуежайында Мәскеу театрының қызметкері жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Мәскеу қаласының «Сатирикон» театрының қызметкері Марк Ишмухаметов жоғалып кетті. Оның жақындарымен байланысқа шықпағанына 20 күн болды. Әртісті Ресейдің Ыстамбұлдағы консулдығы іздестіруде, алайда іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермей отыр, деп хабарлады «Вести.ру».

Ишмухаметовтің жақындары «Мәскеу 24» телеарнасына оның Түркияға 3 наурыз күні театр труппасымен бірге ұшып шыққанын хабарлаған. Ыстамбұлда әртістер гастрольдері жоспарланып қойған Бразилияға ұшатын рейске отыруы тиіс болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ишмухаметов Ыстамбұлда шетелге шығу төлқұжатын жоғалтып, әуежайдың транзиттік аймағында қалды. 9 наурызда труппа кейін қайтатын жолда онымен байланыса алмады. Әртіс әуежайдан да табылмады. Бір апта өткен соң ғана әлеуметтік желілер арқылы іздестіріле бастаған.

«Сатирикон» театрында әртістің қайда жоғалуы мүмкін екенін білмей отыр. Оның әріптестері онымен телефон арқылы үнемі байланысқандарын, кейін ол тұтқаны көтермей қойғанын айтады. 4 наурыз кешінде тұтқаны басқа біреу алып, нашар ағылшын тілінде мобильдік телефонды тапқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар