19:58, 08 Желтоқсан 2016 | GMT +6
Youtube-те Қытайдағы ШЫҰ таулы атқыштар бөлімшесінің жаттығулары жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Қорғаныс министрлігі Youtube-те Ресей, Қытай және Қазақстан ШЫҰ таулы атқыштар бөлімшесінің жаттығуларын жариялады.
Бөлімше сарбаздары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Корла базасында таулы жерлерде заңсыз әскери құрылымдарға қарсы іс-қимылдарға жаттықты. Олар бірнеше шақырымдарды артқа тастап, «содырлардың» шатқалдарда орналасқан бекіністеріне шабуыл жасады.
Ресей тарапынан жаттығуға Орталық әскери округінің қызметкерлері: таулы атқыштар, арнайы жасақ, мергендер, минометшілер және танкіге қарсы зымыран кешендері қатысты.