Йоханес Рай: БАҚ-тың басты міндеті – жалғыз пікірдің үстемдігіне жол бермеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «БАҚ-тың басты міндеті – жалғыз пікірдің үстемдігіне жол бермеу». Елордада өтіп жатқан бұқаралық медианы заңнамалық реттеу туралы конференцияда Конрад Аденаэуер атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханес Рай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Қазақстанда бір жылдан бері тұрып жатырмын. Пандемия жалғасып жатқанына қарамастан шарамыздың оффлайн режимде өтіп жатқаны маңызды. Онлайн шараларда жүзбе-жүз сұхбаттасу мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі конференция жеке сұхбаттар мен келісімдер жасауға қолайлы болады деп ойлаймын», - деп бастады халықаралық қордың өкілі.

Оның айтуынша, Конрад Аденаэуер атындағы қордың өкілдігі Нұр-Сұлтанда 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, ол қордың Қазақстанда жұмыс істеуіне ел Үкіметі бастамашы болғанын да атады.

«Германияда БАҚ бейресми болса да, төртінші билік болып саналады. Төртінші биліктің басты міндеті – бір пікірдің үстемдігіне жол бермеу. Сондықтан сөз - бостандығы өте маңызды мәселе. Бұл ортада талқыланатын мәселелер осы тұрғыдан алғанда германиядағы ахуалдан өзгеше болуы мүмкін. Пандемияға байланысты еграмниялық сарапшылар бұл конференцияға қатыса алмады. Біз қордың атынан осындай пікірталас алаңын ұсынуға мүмкіндік бергендеріңізге алғыс айтамыз. Ақпарат және қоғамдық даму министрілгімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Сол үшін ведомство басшылығына алғыс білдіремін»,- деді Йоханес Рай.


Соңғы жаңалықтар