Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз – ҚХА мүшелері

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Алғыс айту күніне арналған онлайн брифинг өтті. Брифинг барысында «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалының төрағасы Абайдулла Жапаров пен орыс этномәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында Всеволод Лукашев бұл күн адамдардың бір-біріне көмектесіп, қайырымды іс жасауға шақыратын дата екенін жеткізді.

«Бұл мерекенің мақсаты-қоғамның топтасуын, азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық келісімді көрсету, ортақ тарих негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту. Бұл рухани күн. Адамдардың бір-біріне көмектесіп, қайырымды іс жасауына шақыратын күн. Алматының бүгінгі шуақты күнінде қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтаймын. Оның үстіне бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылған күні. Еліміз қазіргі пандемиялық қиындықты еңсере берсін және ұлтаралық келісім нығая беруін тілеймін», - деді Всеволод Лукашев.

«Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалының төрағасы Абайдулла Жапаров та Қазақстан халқын бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтады.

«Алғыс айту күні-бұл еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрметін тағы бір рет көрсету мүмкіндігі, ортақ тарихымызды құрметтеу күні, өзара көмек, қолдау және жауапкершілік күні. Көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні еліміздің басты байлығы - халық бірлігін одан әрі сақтауға және көбейтуге ықпал етсін», - деді Абайдолла Жапаров.

Айта кетейік, Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап мерекеленуде.

Соңғы жаңалықтар