Ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдары қысқартылуда - АШМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында көктемгі егіс науқаны толығымен аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдіктердің жедел деректері бойынша биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,7 млн гектар алаңға егілді, бұл 2020 жылғы деңгейден 78 мың гектарға көп. Ағымдағы жылғы 3 маусымдағы жай-күй бойынша көктемгі егіс толығымен аяқталды, жаздық егіс алаңы 19 млн гектарды, оның ішінде дәнді дақылдар 15,2 млн гектарды құрады», - деді С. Омаров.

Оның айтуынша, егіс алаңдарының құрылымын рентабельділігі жоғары дақылдардың, сондай-ақ импортты алмастыруға бағытталған дақылдардың пайдасына әртараптандыру жұмысы жүргізілді. Осылайша, биыл майлы дақылдар алаңы 11,9 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылдары алаңы 10,6 мың гектарға, картоп алаңы 5,8 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңы 104,2 мың гектарға ұлғайды.

«Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсаттарының бірі күріш пен мақта сияқты ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын біртіндеп қысқарту болып отыр. Мәселен, күріш алаңы 8,1 мың гектарға, мақта алаңы 18 мың гектарға қысқартылды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар