Йен дауылы салдарынан Куба жарықсыз қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Йен» дауылы 3-санатқа дейін күшейіп, Флоридаға жақындап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Кубада да «Иен» дауылы салдарынан бүкіл елде электр қуаты өшіп қалды. Кубаның ірі қалаларының бірі Гаванада қазірге дейін желдің екпіні 90 км/сағатқа жетуде. Дауыл Пинар-дель-Рио аймағына да жетті, ол жерден 50 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Аттас әкімшілік орталықта үйлер қирап, көшелерді су басты. Желдің максималды жылдамдығы «Иен» дауыла АҚШ-тың Флорида штаты дайындалып жатыр. Штат губернаторы халықты мүмкіндігінше тез эвакуациялауға шақырды. Өйткені дауыл адам өмірі үшін қауіпті, салдары су тасқыны, жаңбыр және қатты желге әкелуі мүмкін.

АҚШ президенті Байден де Флорида тұрғындарына үндеу жасады.

«Тұрғындарды эвакуациялауға дайындап жатыр. Үш қаланың (ред.-Тампе, Сент-Пите және Клируотере) тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі», - деді Джо Байден.


Фото: AP Photo


Соңғы жаңалықтар