Ясауи кесенесінен тікелей көрсетілімді онлайн тамашалауға болады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ресми сайтындағы МЕДИА бөлімінде онлайн режим іске қосылды. Аталған бөлімнен Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі мен сегіз қырлы сағана маңындағы күнделікті тыныс-тіршілікті тікелей көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біршама уақыт бұрын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Android платформаларына арналған мобильді қосымша іске қосылған болатын. Осы қосымша арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау әдістерін көруге болады.

Сондай-ақ, көне заттарды қорғау мен қайта қалпына келтіру, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысу және 3D-тур арқылы тамашалауға болады. Министрлік жаңалықтары мен музейдегі атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат алып, директор блогы арқылы байланыс орнату мүмкіншілігі жасалған. Музейге түсетін қаржы және қонақтарға көрсетілетін қызметтер, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды оқу мүмкіндігі де қарастырылған. Биыл қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени орындарға да онлайн режимін қосу жоспарланып отыр.

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің мобильді қосымшасын Google Play Market арқылы жүктеп алуға болады.

Соңғы жаңалықтар