+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Ясауи кесенесінде ерікті гидтер жұмыс істей бастады

2019 жылғы 14 қазан 22:24
Бөлісіңіз:
Ясауи кесенесінде ерікті гидтер жұмыс істей бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» атауына байланысты Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Ask Me, I am local» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Ясауи кесенесінің жарық және желдету жүйесі тарихи қалпына келтіріледі

Жобаға қатысатын еріктілер келуші қонақтар мен туристерге гид – нұсқаушы қызметтерін көрсететін болады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған жобаның басты мақсаты - Түркістанға келген туристерді сапалы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету және студент жастарды алдағы уақытта туризм саласында жұмыс жасауына ынталандыру.

Қатысушылар біркелкі әдістемемен жасалған ақпаратпен және электрлі самакатпен жабдықталған. Еріктілер «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты аумақта қызмет атқаратын болады. Олар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында 20 сағатқа – 20 000 теңге немесе 2 академиялық сағатты жабуға мүмкіндігі бар.

Қазіргі таңда, «Ask Me, I am local» жобасына Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 20 студенті ерікті түрде қатысуда, алдағы уақытта еріктілер санын 3 есе асыру жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT