Ярославльде айдалада, көше жоқ жерде жұмыс істеп тұрған бағдаршам табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Ярославльдағы автомобиль жолдарының мониторингін жасау барысында белсенділер далалық жерде жұмыс істеп жатқан бағдаршамды тапты.

Бұл туралы «Ярновости» порталы хабарлады.

Белсенділердің мәліметтерінше, билік көздері бағдаршамды орнатуға 2 млн. рубль жұмсаған.

«2014 жылы қалалық билік көздері Құрылысшылар көшесінде жол салуды жоспарлаған. Қаржыландырудың жетіспеушілігінен бұл идея қағаз бетінде қалып қойды. Бірақ болашақта салынар жол қиылысы орнына бағдаршам орнатылған», - деп баяндады «Күнделікті өмір сапасы» аймақтық жұмыс тобының басшысы Татьяна Бородина.

Белсенділер жергілікті билік көздерінің қажетсіз бағдаршамды орнатып қана қоймай, оның жұмысына қаншама қаражат жаратылып отырғанын атап өтуде.

Соңғы жаңалықтар